Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының 8 ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, қалың көпшілік үшін азық-түлік тауарларын арзан бағамен саудалау үшін өткізілетін жәрмеңке 2019 жылы Алматының 4 жерінде ұйымдастырылып келді. Биылдан бастап қалада тағы жаңа 6 сауда нүктесі ашылды.

Бүгінгі жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі ұсынылған. Олар: сиыр еті - 1900 теңге, тауық еті - 810 теңге, қартоп - 104 теңге, сәбіз, қырыққабат - 94 теңгеге сатылуда. Жұмыртқа 10 данасы - 300 теңге, өсімдік майын - 400 теңгеге сатып алуға болады.

Жәрмеңкелер мына мекенжайларда орналасқан:

Гоголь - Масанчи (Алмалы ауданы).

Абай - Өтеген батыр (Әуезов ауданы).

Қазақфильм ықшамауданы, Жароков көшесі, әл-Фараби даңғылынан жоғары (Бостандық ауданы).

Құлагер ықшамауданы, Серіков көшесі (Жетісу ауданы).

Нұркент-5 ықшамауданы, «Атлеттер ауылы», орталық аллеяда (Алатау ауданы).

Қалқаман ықшамауданы, Әуэзов көшесі, 1-ші қалалық клиникалық аурухананың кріе берісіне қарсы (Наурызбай ауданы).

Сайын - Шаляпин (Әуезов ауданы).

Жұлдыз ықшамауданы (Түрксіб ауданы).

Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы).

Саялы, 28-ші үйдің жаны (Алатау ауданы).

Жәрмеңкелерден өңірдегі фермерлік шаруашылықтардың жергілікті өнімдерін алуға болады. Жәрмеңке бағасын әлеуметтік баға бойынша тауарлармен қамтамасыз ететін ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының, қосалқы шаруашылықтардың өкілдері және Тұрақтандыру қоры атынан мемлекет қояды.

«Алматы» ӘКК сауда орындарын жеңілдікпен жалға беріп, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілермен тікелей жұмыс істейді. Жалға берудің сараланған бағасы бір орынға 16 700 теңге.

Қала әкімдігі мен «Алматы» ӘКК өкілдері демалыс күндердегі жәрмеңкелерді тұрақты аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын жіті бақылайды және олардың өсуіне жол бермейді.


Соңғы жаңалықтар