Алматыда ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды қызметкерлері 50 млн теңге ұрлаған
2022 жылғы 26 мамыр 10:49

Алматыда ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды қызметкерлері 50 млн теңге ұрлаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыздық анықталды. Олар қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласып, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. Күдіктілер ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізбек болған. Осы дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді», - деп жазды Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT