Алматыда ауруханаға жатудан бас тарту, өзімен байланыста болған адамдарды жасыру фактілері жиіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпара – Алматыда мамандар 15 наурыздағы жағдай бойынша қаладағы коронавируспен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирустың алдын алу мен қарсы тұру жөніндегі өңірлік штаб өкілдері Алматыда зертханалық деңгейде расталған коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы тіркелгендігін жеткізді.

Қазіргі таңда қалалық қызмет өкілдері арнайы бекітілген «Б» жоспарына сәйкес, сантиралық-эпидемиологиялық іс-шараларды жүзеге асыруда.

Бұл ретте вирус жұқтырғандар мен олармен байланыста болғандар туралы толыққанды мәліметтер алу, оларды уақытында оқшаулау қалада коронавирустық инфекцияның таралуының адын алу бағытындағы басты іс-шаралардың бірі болып табылады.

Осы шараларды жүзеге асыру барысында азаматтар тарапынан ауруханаға жатудан бас тарту, өзімен байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді жасыру жағдайлары жиілеп кеткендігі байқалды.

Осы ретте олар ҚР «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңының 90 бабына сәйкес, азаматтар: өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау шараларын жауапкершілікпен қарап, медициналық мекемелердің талап етуі бойынша тексеруден өтіп, емделіп, дәрігерлерге өзінің инфекциялақ аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін өзге де аурулармен науқас екенінен хабардар етуі керектігін ескертті.

Ал айналасындағыларға қауіп төндіретін аурумен ауыратындар медициналық тексеру мен емдеуден бас тартқан жағдайда олар Қазақстан заңдарына сәйкес мәжүбрлі түрде тексеріліп, емделеді.

Ал егер айналасына қауіп төндіретін аурумен ауыратын азаматтар және онымен байланыста болған сондай-ақ соның салдарынан профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдар, сонымен қатар айналасына қауіп төндіретін аурумен ауыратынын жасырғандар, вирус ошағы мен науқаспен байланыста болғандарды жасыру әрекеттері заңмен қудаланады.

Мысалы адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп тудыратын ақпараттарды жасыру ҚР ҚК-нің 305 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Осыған қарай Алматы әкімдігі азаматтарға өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтап, аурудың симптомдары анықталған жағдайда өзін-өзі оқшаулау қажеттігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар