Алматыда аулалардағы шіріген ағаштар кесіледі

None
Ашық көздерден алынған фото
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғаш рет аулалардағы апатты ағаштар кесілетін болады. Қала бойынша 5 мың апатты ағашқа квота белгіленді. Оның ішінде Алмалы ауданында 800 ағаш бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтініш бере алады.

«Алмалы ауданында 220 мың ағаш пен бұта бар. Бұл жағдайда көптеген апатты және ауру ағаш бар. Жасыл қорды жаңарту бағдарламасы аясында биыл 700 апатты ағаш кесіліп, орнына 7 мың ағаш отырғызу жоспарда»,- деп атап өтті Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.

Бұған дейін Алматыдағы Баум тоғайында 3 311 ағаш апатты деп танылып, санитарлық кесуге жатқызылғаны туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар