Алматыда аула клубында тәрбиеленген 400 бала жаңа жылдық мерекеге қатысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Depo Evolution Park лофт-орталығы аула клубтарының тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық мереке өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға 400-ге жуық бала қатысты. 

Мереке Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Біз жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырумен айналысамыз. Біздің орталық әлеуметтік сипатқа ие. Әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға көп көңіл бөлеміз», - деді қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева.null

Балалардың көңілін тапқыр Алдар Көсе, Жалмауыз кемпір, Микки Маус пен оптимист Олаф көтерді.

«Мен 8 жастамын. Аула клубына келіп жүргеніме бірнеше жыл болды. Осы жерде қоян-қолтық жекпе-жек бойынша спорт секциясына қатысамын.  Сонымен қатар, халық билерін билегенді жақсы көремін. Бүгінгі шыршада лезгинка биін билеймін», - деді «Жас Динамо» тәрбиеленушісі Арэс Оганесянц.null

Барлық қатысушыларға демеушілердің атынан сыйлықтар таратылды.

Алматы бойынша 5000 бала мен жасөспірімнің тәрбиесімен айналысып жүрген 40 аула клубы бар. Оның ішінде 12 клуб спорт бағытында жұмыс істейді.null

Ауғанбаеваның мәлімдеуінше, барлық балалар бос уақытында пайдалы іспен айналысады. Тәрбиеленушілер шығармашылықпен, қолөнермен және спортпен шұғылданып, жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

 nullnull   null  null 

Соңғы жаңалықтар