Алматыда аула ішіндегі қойма өртенді: 2 газ баллоны сыртқа шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданында аула ішіндегі қойма өртенді. Өрт сөндірушілер 50 литрлік 2 газ баллонын сыртқа шығарды.

Олардың бірі отқа оранып үлгерді. Бұл ақпаратты ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Қосалқы құрылыс нысанынан шыққан жалын үйді шарпыған. Өрт көлемі 100 шаршы метрге жуық аумақты құрады шарпыды.

Тілсіз жау 12:14-те сөндірілді. Оған 4 техника, 20 адам жұмылдырылды. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар