Алматыда аула аумағын көгалдандыруға байқау жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аула аумағын көгалдандыруға байқау жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда қала күніне орай «Аула аумағын үздік көгалдандыру – 2021» байқауы жарияланды. Жеңімпазға ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-жабыдық пен өсімдіктер сатып алуға 5 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталады.

Байқау аулаларды абаттандыруға, көгалдандыруға, тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.

Оған тұрғындар, меншік иесі ұйымдары мен пәтер иелері кооперативтері қатыса алады. Іс-шара ауланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Жұмыстарды бағалау кезінде олардың мәдени-эстетикалық, тәжірибелік, жаңашылдық ерекшеліктеріне назар аударылады. Байқауға қатысу үшін www.ecovid.kz сайтында тіркеуден өтіп, өтініш қалдыру қажет.

Марапаттау қала күні – 19 қыркүйекте өтеді.


Соңғы жаңалықтар