USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда ауқымды жер сілкінісінің қаупі қандай

2021 жылғы 6 желтоқсан 17:07
Бөлісіңіз:
Алматыда ауқымды жер сілкінісінің қаупі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов елдегі сейсмикалық қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларының тізімі жарияланды Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады

«Сарапшылардың бағалауы бойынша Алматыдағы жойқын жер сілкінісі жағдайында ғимараттардың 60 пайызға дейінгі көлемі бұзылуы мүмкін, келтірілетін тікелей шығын 200 млрд теңгеге жетуі ықтимал. Қанша ғимарат пен құрылыс нысандары паспорттаумен қамтылған? Сейсмикалық жағдайдың жаңа карталарын ескере отырып, құрылыс нормалары әзірленді ме? Бұл карталар жария түрде қашан шығарылады», - деп сұрады Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аталған тәуекелдер шынымен де бар екенін мойындады.

«Алматыда ірі ауқымдағы жер сілкінісінің қаупі бар. Оның салдарынан тұрғындардың көбісіне қатер төнуі мүмкін. Бұл ретте өміріне қауіп төнетіндер мен жарақат алатындардың санына қатысты сарапшылар әртүрлі мәліметтерді айтып отыр. Себебі бағалау жүргізудің түрлі әдістері бар», - деді министр.

Оның айтуынша, сейсмикаға төзімділік бойынша бағдарлама қаржыландырудың болмауынан тиісті деңгейде жүзеге асырылмады.

«Қаражаттың тапшылығынан көптеген бағдарлама қысқартылды. Бізде пандемия қаражаттың елеулі көлемін шектеді, оның ішінде төтенше жағдайдың алдын алуға қатысты. Әкімдік тарапынан қаражат бөлінді. Алматыдағы барлық нысандардың паспорттауы жүргізілді. Деректер базасы сәулет және құрылыс бақылау департаментінде тұр және жобаны ары қарай іске асыруда пайдаланылып келеді», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT