Алматыда ауқымды сейсможаттығу өткізілмек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 17 қыркүйекте түскі 12:00-де төтенше жағдай туралы дабыл қағылады. Дәл сол күні қалалық ТЖД сейсможаттығу өткізбек.

ТЖД мамандары хабарлағандай, дабыл қағылған соң тұрғындар сабыр сақтай отырып, үйлерінен шығып, қауіпсіз жерге жиналуы керек.

«Баспанасыз қалғандарға» 200-ден аса орын әзірленеді. Ал, зілзаладан «жапа шеккендерге» көмек көрсетілетін 339 пункті ашылады. Медициналық көмек ауруханалар мен емханалардың маңында орналасады.

Сейсможаттығу Розыбакиев пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысындағы «Мега» сауда үйіне қарама-қарсы алаңда өтеді.

Халықты құлақтандыру үшін 244 С-40 электрдабыл жұмылдырылады. Қашықта орналасқан болса ІІД көліктері дыбыс зорайтқышпен хабарлайтын болады.

Сондай-ақ, ақпарат кабельді телеарналар арқылы, «Кселл», «Актив», «Теле-2» байланыс операторларының СМС- хабарламасы арқылы жеткізіледі.

Сейсможаттығу арқылы жедел әрекет ету ұйымдарының дайындығы қаншалықты дәрежеде екендігі тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар