Алматыда Әуезов ауданының тұрғындары тәуелсіздік мейрамын атап өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наталья Сац атындағы Орыс балалар мен жасөспірімдер театрында ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанаты шараға Әуезов ауданының әкімі Өскенбаев Әнуар, желтоқсаншылар, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қатысты.

«1991 жылы 16 желтоқсанда біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Біздің ата-бабамыз тәуелсіздікті жылдар бойы аңсап өткен. Бізге осындай азат, бейбіт елде тұру мәртебесі бұйырды. 27 жылдың ішінде Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай, «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы»,- деді әкім Әнуар Өскенбаев.

nullТәуелсіздік күніне арналған концертте «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» қазақ күйлерін орындады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар