Алматыда Әуезов ауданының ардагерлері Мемлекет басшысының атынан сыйлық алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Адамзат тарихында ең маңызды дата ретінде есте қалған 9 мамыр - Жеңіс күнінің жаңғырығы санамыздан бірте-бірте алыстап барады. Бірақ, біз ол күннің қандай күшпен, қандай еңбекпен келгенін ұмытар емеспіз.

Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев Елбасының бастамасымен бүгін өткен ардагерлермен кездесу барысында айтып өтті.

«Біз Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Отанды қорғау жолында өз өмірі мен денсаулығын құрбан еткені үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Әкім кешегі жаужүрек жауынгер - бүгінгі қазыналы қарттардың ерен ерлігінің арқасында келген бейбітшіліктің қазіргі Қазақстанның жетіп отырған негізгі жетістігі екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Әуезов ауданында тұрып жатқан 8 соғыс ардагері М.П.Гурьев, Е.И.Филатова, Б.А.Князев, В.К.Пюро, В.П.Косицын, И.И.Новоселов, Г.Ф.Губарев пен Р.З.Нарметаевқа арнайы сыйлық табысталды. Өз кезегінде қариялар мемлекет басшысына көрсеткен құрметі үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар