Алматыда Әуезов ауданындағы 10 кәсіпорын жұмысшыларына вакцина салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 кәсіпорынның 802 жұмысшысына вакцина салу жоспарда. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, қазір ауданда 14 мыңнан астам адам бар, күн сайын 22 егу пункті жұмыс істеп жатыр. Барлығы 2470 медицина қызметкері, 1914 білім беру саласының өкілдері, 268 күш құрылымдарының қызметкерлері, 817 студент, 766 ірі ұйымдардың қызметкерлері және басқа мамандықтар бойынша 8125 адамның вакцина алды.

Айта кетейік, Әуезов ауданында вакцинациялауға жауапты 9 медициналық ұйым бар, 22 егу пункті ашылды (емханаларда, сауда орталықтарында, мектептерде, жеке медициналық клиникаларда).

Күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін «Moskva Metropolitan», «Grand Park», «Asia Park», «Almaty Mall», «Sputnik Mall» ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация жүргізіледі.

Екпе салдырғандар арасында Әуезов ауданының тұрғыны, әлеуметтік қызметкер Татьяна Еркенова да бар .Ол E-Gov электронды үкімет порталында тіркеліп, вакцинация алуға онлайн өтініш білдірген, одан ары оған егу пунктіне баратын күні, уақыты мен орналасқан орны жайлы хабарлама келген.

«Мен сауда орталығындағы егу пунктіне келдім, осы жерге жақын маңда жұмыс істеймін. Мен сауалнама парағын асықпай толтыру үшін 15 минутқа ерте келдім, алдын ала жазылған уақытым келген кезде мені дәрігердің қарауына, одан кейін егу кабинетіне шақырды. Екпе алғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болдым. Бәрі жақсы, аздаған әлсіздік болуы мүмкін деп ескерткен, соған қарамастан, өзімді өте жақсы сезінемін», - дейді Татьяна Еркенова.

Әуезов ауданында еңбек ұжымдарының қолайлығы үшін вакциналауды ұйымдастыру «Ақсай» НӨК ЖШС, «Цин-Қаз» ЖШС, «Tea House» ЖШС, «Кастинг» ЖШС сияқты 10 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын базасында өтеді. Барлығы 802 жұмысшыны коронавирусқа қарсы егу жоспарлануда. Бүгінде өнеркәсіп орындарында 81 адам вакцина алды.


Соңғы жаңалықтар