Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының Халықаралық әуежайында шетелден келетін азаматтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мақсаты – ұшып келгендер азаматтарда коронавирус инфекциясына тестіден өткені жөніндегі анықтаманың бар-жоғын анықтау және сәйкес диагностиканы жүргізу үшін жедел оқшаулау.

«Осы жылдың 12-13 қазаны аралығында шетелден Алматы қаласына 1456 жолаушысы бар 11 әуе рейсі келді. 207 жолаушының анықтамасы жоқ болып шықты. COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ жолаушылардың бәрі қонақүйлер жанынан құрылған карантиндік стационарларға коронавирус инфекциясына лабораториялық тексеру жүргізу үшін оқшауландырылды»,– делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.

Өз кезегінде, жұқтыруды болдырмау мақсатында қала аумағында карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтауға және қауіпсіздіктің санитарлық-эпидемиялық талаптарының одан ары орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған 26 мониторингілік топ жұмыс істеп жатыр.

«Сонымен қатар, 12-13 қазан күндері карантин талаптарының сақталуы бойынша 243 тексеру шаралары жүргізілді. 27 нысанда тәртіп бұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,– деп атап өтті әкімдік.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарды бұзған нысандар анықталды.

Олардың ішінде: Мақатаев көшесі, 53 мекенжайындағы (Медеу ауданы) «Шанс» бинго клубы, Розыбакиев көшесі, 49 мекенжайындағы (Бостандық ауданы) «Сансабиль» дәмханасы, Бөкейханов көшесі, 44 А мекенжайындағы «King Beer Halal Burgers» дәмханасы, Федоров көшесі, 24 мекенжайындағы (Жетісу ауданы) «Луна» дәмханасы, 6 шағын аудандағы 3Б үй мекенжайындағы «Дуэль» компьтерлік клубы, 6 шағын аудандағы 11 үй мекенжайындағы (Әуезов ауданы) «Монстр» компьютерлік клубы бар.


Соңғы жаңалықтар