+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Алматыда әуе рейстері кешігіп ұшып жатыр

2019 жылғы 11 желтоқсан 14:03
Бөлісіңіз:
Алматыда әуе рейстері кешігіп ұшып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халықаралық әуежайында ондаған рейстің ұшу кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әуежайында көрініс 40 метрге жетеді, горизонталды көрніс 75 метр шамасында. Кешегі қалың тұманда да әуежай ұшақтарды қабылдады. Әуежай тұманды ауа райында штаттық режімде жұмыс жасайды. Себебі, жақында бұл нысан ИКАО ІІІ В катеоргиясы бойынша сертификат алған. Әуежай қайта жаңғыртудан өткенде тұманға қарсы арнайы жарықтандыру құралдарымен қамтылған. Горизонталды көрініс 75 метр болғанға дейін ұшақ қабылдай алады, әрі ұшақтар ұшқан кезде көрініс 125 метрге төмендегенге дейін ұшақ ұшыра алады. Бірақ, бұл үшін әуе компанияларының ұшақтары мен экипажында ІІІ В дәрежелі сертификат болуы шарт. Егер экипажда сертификат болмаса ұшақтың қонуына, ұшуына рұқсат берілмейді. Осыған байланысты әуежайда ұшақтардың ұшу кестесінде өзгерістер болуда», - деді әуежайдан.

Кестеге сәйкес, бүгін, 11 желтоқсанда:

Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Скат DV713 рейсі 12:00-ден 14:30-ға,

Алматы-Қарағанды бағытындағы Скат DV781 әуе рейсі 07:15-тен 14:30-ға;

Алматы – Өскемен бағытындағы AirAstana КС301 рейсі таңғы 06.25-тен кешкі 17.30-ға;

Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы Скат DV733 рейсі 12.00-ден 13.27-ге;

Алматы – Бішкек бағытындағы AirAstana КС109 рейсі 12.20-тен 14.50-ге;

Алматы – Ақтау бағытындағы AirAstana КС859 рейсі түскі 15.30-дан 16.05-ке;

Алматы – Үрімжі бағытындағы China Southern Airlines CZ6012 рейсі 15.50-ден таңғы 06.30-ға;

Алматы - Сеул бағытындағы Astana Airlines OZ578 рейсі 17.15-тен 19.02-ге;

Алматы – Өскемен бағытындағы Скат әуе компаниясының DV725 рейсі 9.30-дан сағат 13.30-ға шегерілді.

Алматы - Шымкент бағытындағы AirAstana КС971 рейсі Шымкенттегі метеоахуалға байланысты таңғы 7.35-тен кешкі сағат 17.30-ға кейінгі қалдырылды.

Ал Қарағандыдан Алматыға шығатын Скат әуе компаниясының DV781 рейсі 7 сағатқа;

Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы Скат DV713 рейсі 2 сағатқа;

Шымкент-Алматы бағытындағы Qazaq air рейсі 3 сағатқа, Семей-Алматы бағытындағы Скат рейсі 2,5 сағат кешігіп келетін болды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның 5 облысында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды.

Еске салсақ, кеше Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы әуе рейстері кешігіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT