+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

2021 жылғы 14 мамыр 14:20
Бөлісіңіз:
Алматыда әуе апатынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты. Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті.

«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді.

Ұшақта болған 4 адам қаза тапты. 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Кейіннен Алматы дәрігерлері ұшақ апатынан жапа шеккен екі адамның денсаулығы қалай екенін айтты.

Ұшақ апаты болған жерге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барып, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әуе апатының себептерін анықтауды тапсырған болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқанын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT