Алматыда Аudi жүргізушісі әйелді қағып өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Аudi жүргізушісі жүк көлігіне соғылып барып, әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қайғылы оқиға бүгін Сүйінбай даңғылы мен Кожедуб көшелерінің қиылысында болған.

Сүйінбай даңғылымен келе жатқан Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Соның кесірінен жүк көлігіне барып соғылады, соққыдан бұрыла бергенде жолдағы әйелді қағып кеткен.

Әйел алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүргізуші мас болған. Audi жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
null null 

Соңғы жаңалықтар