10:40, 17 Қыркүйек 2015 | GMT +6
Алматыда «Ауди» көлігі 18 жасар қызды қағып өлтірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай-Саин көшелерінің қиылысында жаяу жүргін жолын кесіп өтіп бара жатқан қызды «Ауди» көлігі қағып кеткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға түнгі 22:15 шамасына болған. Қатты соққыдан 1997 жылы туылған бойжеткен жедел жәрдем жеткенше сол жерде қаза тапты. Қазір жүргізуші ұсталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 345-бабының 2- тармағы (адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына себепкер болу) бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісінің ішімдік пайдаланғаны туралы ақпарат жоқ.