Алматыда аударылып қалған көліктің екі жолаушысы зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен түні болған жол апатының салдарынан көлік аударылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Қабанбай батыр және Зенков көшелерінің қиылысында болды. Мерседес көлігі Қабанбай батыр бойымен шығысқа қарай жол жүріп келе жатқан, ал BMW маркалы автокөлігінің жүргізушісі жол беру туралы белгіні елемей, жолдың қиылысына шығып кетіп, Мерседеске соғылған. Қатты соққының салдарынан BMW көлігі аунап түсті.

Жол апатынан BMW-ның екі жолаушысы зардап шегіп, екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар