Алматыда аудандардың жаңа әкімдері тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар аудан басшылары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының  келісімімен Алмалы ауданының әкімі болып Бекқали Торғаев тағайындалды.

Алмалы ауданының жаңа әкімі Бекқали Торғаев 5 жылдан астам уақыт Әуезов ауданын басқарып келген. 2015 жылдың ақпанынан бастап Бостандық ауданының әкімі қызметінде болған.

Ал Әуезов ауданының әкімі Алтай Рахымбетов Бостандық ауданының әкімі атанды. Ол еңбек жолын 1995 жылы Алматы  қаласы экология басқармасының маманы ретінде бастады. Қоршаған ортаны қорғау саласында 20 жыл еңбек етті. Соның ішінде Алматы қаласы Табиғатты реттеу басқармасының басшысы да болды. 2015 жылдың ақпанынан Әуезов ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.

Жаңа әкімдерді ұжымға таныстыру кезінде  Бауыржан Байбек  олардың қызметтік өсу жолдарының барлық сатыларынан өткендерін және қала проблемаларын  жақсы білетіндіктерін айтты.

Әкім жаңа әкімдердің алдында жаңа міндеттер қойды.

«Аудандардың жаңа  әкімдері абаттандыру, жасылдандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруға, көшелерді жөндеуге, ғимараттардың архитектуралық  келбеттеріне айрықша назар аударғандары жөн. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты модернизациялау аясында үйлерді жөндеуді жалғастырып, «Ескі тұрғын үй» бағдарламасын мықтап қолға алулары тиіс», - деді қала әкімі.

Аудан әкімдеріне білім және денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп мектептердегі оқушы орындарының жетіспеуі мен емханалардағы өзекті  мәселелерді шешу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар