Алматыда аудан әкімі халықпен кездесуді тұрғын үй ауласында өткізді

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұхтар Тәжiбаев көшпелі қоғамдық қабылдау өткiзді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия филиалы жергілікті  халықпен кездесулерді көкейкесті мәселелер ушығып тұрған орындарда өткізуді дәстүрге айналдырған.

Кезекті кездесулердің бірі аудан тұрғындарының аулаларында өтті. Партия филиалының төрағасы "Темір", "Элина", "Локомотив" үш пәтер иелері кооперативінің (ПИК) мүшелерін тыңдады.
null

Тұрғындар аудан әкіміне жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемаларын айтып келді.

Көпқабатты үйлер  іргесіндегі аумақты абаттандыру жұмысы, ПИК проблемалары, көптеген көшелердің жөндеу қажеттілігі, қоғамдық көліктің қозғалысы және  басқа да мәселелер кездесу барысында  талқыланды.
null

"Азаматтарды көшпелі қабылдау мен үшін өте пайдалы. Себебі  аудандағы қалыптасқан жағдайды көріп,  объектілері  бақылауға аламын. Тұрғындардың өз аузынан көптеген мәселелерді естимін" - дедi  Мұхтар Тәжібаев.

Тұрғындардың жекелеген мәселелер бойынша шағымы сол күні-ақ оң шешімін тапты. Мәселен қоқыс және жол мәселесі сол күні шешілді.
null

Әкім ауданның кейбір жекелеген қызметтерi қала тұрғындарының  өтініштерiне салғырт қарайтынын  атап өтті.

null

Көшпелі қабылдау барысында  Жетісу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, Жетісу ауданының прокуратура қызметкерлері,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің, ІІБ, МПС қызметтері,  өкілдері  қатысты.

Сондай-ақ  қабылдау барысында аудан тұрғындарына Елбасы Жолдауының "Рухани  жаңғыру"  негізгі басымдықтары түсіндірілді.
null

Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2016 жылы 8 ақпанда орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

«Барлық деңгейдегі әкімдер  жыл  сайын,  бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, оны әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етсін»,- делінген болатын жарлықта. 

Соңғы жаңалықтар