Алматыда ауаға зиянды түтін шығаратын автобустарды қадағалау күшейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауаға зиянды түтін шығаратын автобустарды қадағалау күшейе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқан автобустарды анықтауға рейдке шықты.

«Басты мақсат - көліктердің қоршаған ортаны ластау көрсеткішінің қалыптан асып кетпеуін қадағалау. Қоғамдық көліктерді қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзып жатқан жүргізушілерге қатысты шара қолданудамыз. Заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктердің иелерінен көлік нөмірлері тәркіленіп жатыр. Сонымен қатар, көлік техникалық талаптардан шықпаса, хаттама толтырылады», - деді қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Полиция көліктердің техникалық жағдайын, жарнама белгілерінің дұрыс пайдаланылуын, жолаушы тасымалдаумен айналысатын көліктердің талапқа сай екендігін тексеруде. 

Соңғы жаңалықтар