+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыда ауа сапасын бақылайтын желілер көбейеді

2020 жылғы 4 маусым 11:17
Бөлісіңіз:
Алматыда ауа сапасын бақылайтын желілер көбейеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ауа сапасын бақылайтын пункттердің саны 36-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды Шымкентте полицейлер бір тәулікте 379 әкімшілік құқық бұзу әрекетін анықтады

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы тапсырмасын орындау үшін және министр Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша «Қазгидромет» қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласының аумағында ауа сапасына бақылау желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде»,– деп хабарлады «Қазгидромет».

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» экологиялық желісі 20 бақылау пунктінен тұрады.

2020 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы қаласы ауасының сапасына мониторинг жүргізуге РМ-2,5 бойынша эко-белсенді Павел Александровтың тағы 10 датчигі қосылады. Деректер «AirKz» мобильдік қосымшасында, интерактивті картада көрсетіледі және ай сайын ақпараттық бюллетеньде жарияланатын болады.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту үшін «AirVision» Қоғамдық Қорымен бірлескен жұмыстар жүргізуде.

Осы ынтымақтастық шеңберінде «Эко-Эксперт» ЖШС қосымша 10 бақылау желісін қосуды жоспарланып отыр, осылайша Алматы қаласының мониторингі 36 бақылау пунктіне жетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT