Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дауыл болатындығы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД таратқан хабарламаға сәйкес, 24-25 қарашада Алматыда желдің екпіні секундына 15 метр жетіп, жаңбыр жаууы мүмкін.

«Жолдарда көктайғақтың болу ықтималдығына байланысты автокөлік жүргізушілеріне  апат болу қаупінің артуы салдарынан жеке көліктерді пайдалануды шектеуді ұсынамыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтап, көп қабатты ғимараттарға жақындамауларын сұраймыз», - делінген ескертуде.

Сонымен қатар, 25 қарашада қардан тазарту жұмыстарына байланысты әкімдік автокөлік иелеріне  жол жиектеріне көлік қоймауларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар