Алматыда ата-аналар балаларын балабақшаға жібермей отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда менингит инфекциясы тарай басталғалы бері балдырғандардың балабақшаға баруы күрт сиреген. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Балабақшаларда бала саны 30 пайызға азайған. Бір жағынан бұл жазғы демалыспен де байланысты болуы мүмкін. Бірақ ата-аналардың басым бөлігі менингит жұқпасынан қорыққаннан балаларын әкелмей отырғанын айтуда», - деді қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің бастығы Әлия Сағиева.

Оның айтуынша, менингитке шалдыққан балалар барған балабақшалар карантинге жабылған. Мектепке дейінгі басқа мекемелерде санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, балалардан күн сайын тұмау белгілері тексеріледі.

«Бала өлімімен аяқталған екі жағдайға да балабақшаның қатысы болған жоқ. Сонымен қатар бұл жерлерде сәулелендіру, желдету, жуу тәсілдерімен зарарсыздандыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Ата-аналарға айтарымыз: адам көп шоғырланған жерлерге, бессейнге бармай тұра тұрыңыздар. Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда өз бетінше емдеуден аулақ болу қажет. Бірден дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн», - деді Әлия Сағиева.

Еске сала кетейік, Алматыда менингиттен алты адам, оның ішінде екі бүлдіршін көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар