Алматыда «Astra Consulting agensy» қаржы пирамидасының қызметкерлері ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Astra Consulting agensy» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы арыз полицияға 2019 жылдың желтоқсан айында түскен. Бүгінгі күні зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

«Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6,2 млн теңге», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ПД тергеу басқармасы жүргізеді.

«Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушіге мына телефон нөмірі 8-701-732-86-54 арқылы байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырамыз», – деді Рүстем Әбдрахманов.


Соңғы жаңалықтар