Алматыда астана күніне орай жаңартылған сауда орындары ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорданың туған күніне орай мегаполисте жаңартылған сауда орындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданында жаңартылған «Кәрім» базарында 76 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, оның жалпы ауданы 20 000 шаршы метр. Базарда әртүрлі тауар бар. Сауда орындарының саны 400, инвестиция сомасы - 300 млн теңге.

Жетісу ауданындағы «Рахат» базарының жалпы ауданы 20 000 шаршы метр, базарда болашақта 600 жұмыс орны ашылмақ. Базарда киімнен бастап балық аулауға қажетті тауарлардың барлығы сатылады. Сауда орындарының саны 600, инвестиция сомасы - 2 млрд теңге.

Алтыннан жасалған бұйымдар, киімдер мен түрлі тауарды Жетісу ауданындағы жаңа «Алатау-1» базарының 4 блогынан табуға болады. Жалпы ауданы 10 000 шаршы метр, сауда орындарының саны 400, инвестиция сомасы - 800 млн теңге.

Жетісу ауданындағы «Керемет» базарының жалпы ауданы 16 000 шаршы метр болады, ол 400 адамды жұмыспен қамтымақ. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылды.

Сондай-ақ, елорда күніне орай Алматы қалада бес ірі сауда және ойын-сауық кешені ашылмақ.

Сонымен қатар, қазір 10 базарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 6 базардың жобасы дайындалуда. Инвестициялардың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады, ол 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қаланың жұмыс істеп тұрған 52 базардың 23-інде жаңарту жұмыстары жүрді, оған 20 млрд теңгеге жуық инвестиция салынып, 2,4 мың адамды жұмыспен қамтыды.

Осы жылдың соңына дейін «Қазына» (1 кезең) және «Арлан» (1 кезең) базарларындағы жаңарту жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек.


Соңғы жаңалықтар