+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда Астана күніне орай жаңа медициналық орталық іске қосылады

2020 жылғы 4 шілде 16:27
Бөлісіңіз:
Алматыда Астана күніне орай жаңа медициналық орталық іске қосылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар нысандар іске қосылады. Олардың арасында жоғары технологиялық «МИПО» ЖШС медициналық орталығы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да коронавирус жұқтырған 22 медицина қызметкеріне 2 млн теңгеден төлем жасалды Қызылордада қалалық аурухана қалыпты жұмысқа қайта көшті Басы дауға қалған Алматы облысының бас санитарлық дәрігері халықтан кешірім сұрады

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қала әкімшілігі тарапынан тұрғындарға жақын маңда орналасқан медициналық қызмет көрсету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. «МИПО» медициналық орталығы 100 келушіге арналған. Сонымен қатар оңалтуға арналған 40 орын бар. Орталықта 80 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Соңғы бес жылда Алматыдағы амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жоспарлы даму қуаттылығы 7,4% артты. Сонымен бірге, қала халқы осы мерзім ішінде 13% -ға өсті. Жақын маңдағы медициналық мекемелердің көмегіне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін географиялық ақпараттық жүйе жасалып, енгізілген. Алынған мәліметтер негізінде дәрігерлік амбулаторияларды ашу қажеттілігі бар жерлер анықталды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 35 дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланды. 2019 жылы 11 дәрігерлік амбулатория ашылды (1-уі жергілікті бюджет есебінен салынды).

Сондай-ақ, «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында алдағы 5 жыл ішінде 1 миллионнан астам тұрғынға арналған қосымша 19 медициналық нысан салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT