Алматыда Астана күні құрметіне 20 метрлік құрақ көрпе тігілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Астана күніне тарту ретінде 20 мертлік құрақ көрпе тігілді. Мерекелік шара Орталық мәдениет және демалыс саябағында аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Наурыз-2018» мерекесі аясында қолға алынған ең ұзын құрақ көрпе тігу жұмысы бүгінгі шарада жалғасын тапты. Медеу ауданының «Әжелер» ансамблі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап  құрақ көрпе тігуден шеберлік сабағын өткізді. 

nullМегаполисте «Гинесстің рекордтар кітабына» ену үшін ұзындығы 25 500 шаршы  метр көрпе тігу жоспарланған. Соның үлесі ретінде Астана күніне орай көрпенің 20 метрлік бөлігі бүгін тігілді.

nullШара аясында қолөнер мен сәндік қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтті. Мереке Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

nullАл саябақтың кішкентай қонақтарына Астананың қонақжай көрінісінен хабар беретін экскурсия өткізілді. Сондай-ақ олар сурет салудан өзара сайысқа түсті.

nullМерекелік шараға ұйытқы болған Медеу ауданы әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, Астана күні атаулы күндер арасынан  лайықты орнын алған.

null«Астана күні - халық үшін тарихи-мәдени мәні зор мереке. Жас қаламыз республикамыздың осы күнге дейін жеткен жетістігінің символы. Бұл күннің мемлекеттік мереке болып бекітілуі өте әділетті. Жас Астанамызбен мақтанамыз. Бұған Елбасымыздың сіңірген еңбегі мол»,-деді Алматы қаласы  Медеу ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Жанна Досанова.

 null     null null 

Соңғы жаңалықтар