Алматыда ассенизаторлық көліктерге GPS бақылау жүйесі орнатылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтың қатысуымен техникалық кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында «Алматы Су Холдингі» МКК бас директорының орынбасары Берік Жамбылов сумен жабдықтау жүйесін құрылымдық қайта ұйымдастырылуының тұжырымдамасын ұсынды.

Жаңа жобаға сәйкес Алматы қаласының сумен жабдықтау кәсіпорындарын автоматтандыру қаладағы судың ысырап болуының қысқаруына айтарлықтай себін тигізбек. Жобаның алғашқы кезеңін жүзеге асыруға 1 млрд теңге қажет.

Өндірістік процестерді автоматтандыру энергия ресурстарын үнемдеуге, су құбыры желілерінде туындайтын ысыраптар мен апаттық жағдайларды төмендетуге мүмкіндік береді.

«Нәтижесінде судың ысырап болуын - 15 пайызға, су құбырларындағы апаттар саны - 27 пайызға, және энергия шығынын 20 пайызға  қысқартуға болады.  

Жұмыстан босатылған жұмыскерлер Наурызбай ауданындағы жаңа сумен жабдықтау нысандарына жұмысқа орналастырылады», - деді мекеме басшысы

Сондай-ақ, экологиялық бағдарлама шеңберінде алдағы жылдарда ассенизаторлық көліктермен тасымалданатын ағын суларды қабылдау жөніндегі 25 мобилді герметикалық төгу станцияларын салу қолға алынады.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың көліктеріне GPS бақылау жүйесін орнату,  оларды газ отынына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар