Алматыда әскери бөлімнің сарбазы із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әскери полициясы 1 аптадан бері әскери бөлімнен шығып кетіп, қайта оралмаған жауынгерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қатардағы сарбаз, 19 жастағы Атырау облысының тумасы  Бозбанов Жанболат  21 қаңтарда № 21450 әскери бөлімінен өз еркімен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Қазір оның қайда екендігі белгісіз. Жігіттің бойы 175-180 см, үстінде камуфляжды киім, қысқы әскери бас киім.

Алматы әскери полициясы бұл жігітті көрген-білген адамдар болса Алматы қаласы, Некрасов көшесі 32 «а», 050028, мекенжайына немесе 290-78-41, 290-78-32 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар