Алматыда әскери бөлім жауынгерлері марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Батыр» Президент полкінің 0111 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған полктің бірқатар жауынгері Отан алдында қалтқысыз қызмет еткен үшін «Мінсіз қызметі үшін» І-ІІ-ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, сарбаздарға Медеу аудандық әкімі мен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі басшысының алғыс хаттары табыс етілді.

«Бүгінгі тәуелсіз еліміздің әскері - біздің ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасы. Сондықтан да, қалыптасқан игі дәстүр бойынша жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні - Отан қорғаушылар күнін мерекелеп келеміз. Соған байланысты, Қарулы Күштеріміздің абыройын асқақтатар сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те, жарасары сөзсіз. Аспанымыздың ашық, ел бақытының баянды болуы - әскери жауынгерлеріміздің қолында әрі келер ұрпақтың еншісінде», - деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани.
null 

Салтанатты шара отандық эстрада жұлдыздарының меркелік концертіне ұласты.

null null null null 

null null

null

Соңғы жаңалықтар