Алматыда Ashyq-қа қатыспайтын нысандарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аса жұқпалы «омикрон» штамы әлемде таралып жатыр. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа штамм кеңінен таралып жатыр, бүгінде 52 елден анықталды.

«Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлауда, қатаң карантин режимі енгізілуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жастар, сондай-ақ балалар вакциналанбағандықтан, «омикронды» жиі жұқтырады. Біз инфекцияның таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауымыз керек. Бізге 20-30 жас аралығындағы жастарды вакциналауды жеделдету, ревакцинацияны жалғастыру және алдағы мерекелерде бұқаралық іс-шараларды өткізуді шектеу қажет», - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол «омикрон» «дельта» штамына қарағанда екі есе тез таралуы мүмкін екенін айтып өтті. Алматылықтарға қоғамдық орындарға бармауға және Жаңа жыл мерекесін отбасылық ортада атап өтуді ұсынды.

Жандарбек Бекшин ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 20 қазандағы №47 қаулысымен салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) Ashyq жобасына қатысушы объектілерде 50% аспайтын, бірақ әрқайсысында «жасыл» мәртебесі бар 100 адамнан аспайтын толтыру кезінде өткізуге жол берілетінін еске салды.

«Алайда Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады»,- деді ол.



Соңғы жаңалықтар