Алматыда «Ashyq Júrek» қайырымдылық жобасы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еріктілер Жастар жылы аясында «Ashyq Júrek» қайырымдылық жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба 8 бағытта «Ólkem», «Shabytym», «Otbasym», «Tabysym», «Jіgerіm», «Qulynym», «Kúsh - qýatym» және «Qazynam» жүзеге аспақ.

Еріктіклер лигасының студенттері мен оқушылары осы бағыттар бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесетін болады.

Бұл бастаманың идеясын «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова ұсынған. Ол бұл идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде айтқан болатын.

Айсұлудың айтуынша, жоба наурыздан қараша айына дейін белсенді жұмыс көрсетпек. Ол үшін әр саладан демеушілер, серіктестер тартылатын болады. Жобаның ашылуы мен аяқталуында мейірім шеруі ұйымдастырылады.

«Осы істі жүйелі етіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырғымыз келеді. Ары қарай осы тәжірибеміз өңірлер үшін де пайдалы болатын еді. Осы жұмыстың операторы болуға, еріктілер үшін жауапкершілік алуға біз дайынбыз», - деді А.Ерниязова.

Жобаның әр бағытын ЭКСПО-2017, Универсиада-2017, Алматы марафон тағы басқа алаңдарда істеген тәжірибелі ерікті координаторлар жүргізетін болады.

Сонымен қатар, мұқтаж адамға көмектесіп сауап жинасам деген кез-келген адам бұл жобаға қатыса алады. 15 қарашада өтетін мейірім шеруінде барлық көмек алған азаматтар қатысатын болады.

Алматы еріктілер лигасы 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онда 5 мыңнан астам азамат қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар