Алматыда «Ashyq» арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1255 адам анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ashyq жобасының арқасында «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 1255 тұрғын анықталды. Мұндай деректі қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 17-26 қаңтар аралығнда «Ashyq» жобасы аясында «қызыл» және 25 «сары» мәртебесі бар 1255 тұлға анықталды. Олардың ішінде: ерікті қатысушылар – 286 «қызыл» мәртебе, 5 «сары» мәртебесі бар тұрғын.

Спикердің сөзінше, шектеу шараларын жеңілдету мақсатында биылғы жылдың 27 қаңтарындағы №3 Алматы қ. БМСД келесі өзгерістер енгізілді:

1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді;

2) эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірлердегі келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін:

– «жасыл» аймақта-шектеусіз қызмет;

– «сары» және «қызыл» аймақтарда - объектілердің толымдылығы бойынша шектеулері бар;

3) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинация немесе ревакцинация, теріс нәтижесі бар ПЦР тест сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен асырмай, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес эпидемиологиялық қатер аймағына қарамастан – шектеусіз қызмет етеді.

«Ата - аналардың өтініші бойынша 1-4 сыныптар штаттық форматта оқиды. Сонымен қатар 660 балаға дейінгі мектептер дәстүрлі түрде оқиды. Ал 600 - ден астам балаға арналған мектептерде оқушы саны 50 пайыздан аспауы тиіс»,- деді Әсел Қалықова.

КВИ науқастарымен байланыста болған адамдарға қатысты мынадай шектеулер мен рұқсаттарды қамтамасыз ету:

- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болған жағдайда үй карантиніне оқшауланбайды;

- 7-ші күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеру жүргізіледі, ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі кезінде үй карантині аяқталады;

- егер 7-ші күні COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 тәулік өткенге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар