Алматыда ашық қалған люктың кесірінен көлік аударылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ашық тұрған люктың кесірінен көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Назарбаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. Жартылай ашық тұрған люкты жүргізуші әбден жақындағанда бір-ақ байқаған.

Оң жақта көлік келе жатқандықтан Ниссан жүргізушісі айналып өте алмай, люкке түсіп барып аударылып қалған. Соққыдан көліктің бензин багы жұлынып кеткен.

Жол апатының салдарынан жүргізуші жарақат алып, оны жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

Оқыс оқиғаның  жай-жапсарын полиция тексеріп жатыр.

Айта кету керек, 2016 жылы сынық люктың кесірінен тағы бір жол апаты болып, Екатерина Парафиева екі аяғынан айрылған болатын.
null 

Бостандық аудандық судьясы жол апатына айыпты деп танылған автобус жүргізушісін 2 жылға бас бостандығын шектеп 2 млн теңге моральдық өтемақы төлуге мәжбүрледі.

Сонымен қатар, судья қала әкімдігіне кәріз суы люктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген үшін жеке қаулы шығарды.

null 

 

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 2 Апр 2018 в 7:14 PDT

Соңғы жаңалықтар