Алматыда асфальт опырылып, жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

None
Фото: instagram.com/kris__p__almaty
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының Түрксіб ауданында асфальт опырылып, Камаз шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Түрксіб ауданы, «Маяк» ықшам ауданы, Топчиев көшесінде асфальт опырылып жатыр. Шұңқыр күн сайын үлкейіп барады. Қазірдің өзінде терең», - деп жазды желі қолданушы. Түрксіб ауданының әкімдігінің мәліметінше, Топчиев көшесінде асфальттағы шұңқырды жабу жұмыстары жүргізілуде.

«Көктемде асфальт жамылғысы қалпына келтіріледі. Сондай-ақ «Маяк» шағын ауданында екінші тоқсанда сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осыдан кейін жол жабыны толығымен жөнделеді», - деп жауап берді аудан әкімдігінің өкілдері.


Соңғы жаңалықтар