Алматыда асфальт опырылып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда асфальт опырылып, жолда үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған.

«Алматы қаласы Алатау ауданы Ақшағыл көшесі. Екі күн бұрын құбыр жарылған. Ешкім ештеңе істемеді. Ақыры асфальт опырылып түскен»,- деді жазба авторы.

Бұл оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді.

«Көк-Қайнар» шағынауданында (Шаңырақ-5) 2012 жылы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сумен жабдықтау желілері жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта «Алматы Су» МКК қызмет көрсетеді. 2020 жылдың 20 желтоқсанында сағат 8:00-де «Алматы СУ» МКК-на аталған мәселе бойынша тұрғындардан өтінім келіп түсті. Көкқайнар (Шаңырақ-5) шағынауданында Ақшағыл көшесінің бойында диаметрі 160 мм су өткізгіш құбыр орналасқан Ақшағыл 119/2 мекен-жайына жақын жерде құбыр жарылды. Қазіргі уақытта «Алматы Су « тарапынан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жедел жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол жабыны міндетті түрде қалпына келтіріледі», - деді әкімдіктен.

Аталған учаскеге 30 үй қосылған. Бұл үйлерге еш зақым келмеген.


Соңғы жаңалықтар