Алматыда асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Алатау ауданында асфальт опырылып, қоғамдық көлік шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның суреті әлеуметтік желіде тарады.
«Алатау ауданы, Мәдениет (Рахат) ықшам ауданында бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес, тек жамаудың үстіне жамау. Сондай-ақ жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», - деп жазды желі қолданушы. Алматы қалалық Энергетика басқармасының мәліметінше, қазір мамандар аталған мекенжайға аттанты. Опырылып түскен жер арнайы лентамен қоршалған, жақын арада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымының кепілді міндеттеме негізінде Рахат (Мәдениет) шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталды. Қазіргі уақытта мердігер компания қатты жауын-шашыннан кейін пайда болған шұңқырларды толтырып жатыр. Жақын арада қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді», - деп хабарлады басқармадан.

Фото: instagram.com/kris.p_kz


Соңғы жаңалықтар