Алматыда арзан пәтер алып беремін деп екі адамды алдап кеткен келіншек сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «арзан бағаға пәтер алып беремін» деп 2 адамды алдап кеткен келіншек сотталды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарына сәйкес, С.Байымбетова өзінің бір танысына мемлекеттік бағдарлама бойынша үйді иеленіп алуды ұсынады. Сенген азаматша сол күні пәтер алуға деп 34 000 АҚШ долларын және 90 000 теңге тіркелімге жұмсауға деп әкеп береді. Алайда уәдесін ұмытқан келіншек танысының сенімін пайдаланып, оған материалды түрде аса ірі мөлшерде 6 361 300 теңге шығын келтірді. Оңай олжа іздеген келіншектің торына көп ұзамай тағы бір азамат түседі. Ұсыныс қызықтырған соң, жаңа сатып алушы сол күні 17 000 АҚШ долларын және 30 000 теңгені тіркеу жасауға әкеп береді. Адамның сеніміне қиянат жасаған Байымбетова жәбірленушіге 3 165 650 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді. Алмалы аудандық соты С.Байымбетованы ҚР ҚК-ның 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпты деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Енді ол жазасын жалпы режимде түзеу колониясында өтейтін болады. Жәбірленушілердің шығынын өтеу үшін оның барлық мүлкі тәркіленетін болады.

Соңғы жаңалықтар