Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Алматыда арықтан табылған әйелді күйеуі өлтірген болуы мүмкін

2018 жылғы 12 шілде 16:34 551
Бөлісіңіз:
Алматыда арықтан табылған әйелді күйеуі өлтірген болуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арықтан табылған 26 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қара жамылған отбасының достары хабарлады. 

«Бұл келіншек сол жердегі үйлердің бірінде қарт кісілерді бағатын. Оны күйеуі өлтірді. Бір күн бұрын. Жұмыс істейтін орнын біліп алып, сол адреске барып, шақырған. Шыққан кезде өлтіріп тастаған. Әйелді біреулер зорламақ болды деген ой қалыптастырғысы келіп, шешіндіріп кеткен. Анасының айтуынша, қызының тәні көк-ала қойдай екен. Сау тамтығы қалмаған. Әйелді жұмысқа алған адамдардан естігеніміздей, соққыдан әйелдің бір құлағы жыртылып кеткен»,- деді отбасының танысы Валентина Соболева.

Оның айтуынша, әйелдің 6 жастағы ұлы жетім қалды.

«Олар соңғы жылдары ажырасып кеткен. Бірге тұрмайтын. Күйеуі әйелінің артық қылығы болмаса да, қатты қызғанатын. Және баланы алып кетем деп қорқытатын. Марқұм келіншек  отбасын асырау үшін қандай жұмыс болсын істеуге тырысатын», - деді ол.

Соңғы жылдары қайтыс болған келіншек анасымен бірге "Айгерім" шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрып келген.

Полиция ауладағы камералар арқылы күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ер адам өз кінәсін бірден мойнына алды.

Кісі қолынан көз жұмған келіншекті кеше Қаскелеңдегі туысқандары жер қойнына тапсырды.

Қалалық полиция аталған қылмысқа қатысты тергеу құпиясын сақтау мақсатында жақ ашпай отыр.

Айта кету керек, 9 шілде күні әл-Фараби көшесіндегі арықтардың бірінен жас әйелдің денесі табылған болатын.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT