Алматыда Артспортқа қатысты қылмыстық схемалар анықталды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Аrtsport» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінген. Тексерудің алдын ала нәтижесі бойынша бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемалар белгілі болды.

Атап айтқанда, елден тыс жерде, ауруханада болған және секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған 2000-нан астам балаға орындалған жұмыстар актілері ұсынылды. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады. Тек 935 «Аrtsport» қатысушысы іс жүзінде спорт мектептерінде айналысады. Сондай-ақ балалармен жұмыс істейтін, бұрын сотталған және түрлі қылмыстар үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы анықталды. Бұл ретте еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушыларға қатысты еңбек құқықтарын бұзылған. Бұдан бөлек, «Аrtsport» платформасының функционалының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар.

«Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар материалдар процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді»,- деп хабарлады прокуратура.









Соңғы жаңалықтар