ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

2022 жылғы 6 қазан, 10:45
Алматыда ArtSport-ты  жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ArtSport бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасады. Оған қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматының Алатау ауданында ArtSport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылған. Қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд теңге бөлді»,- деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін әкімдіктің ArtSport бағдарламасы бойынша маусым мен тамыз айының соңына дейін көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілерге 2,2 млрд теңге көлемінде қарызы бар екенін жазған болатынбыз.

Қазіргі таңда Алматыда artsport.edu.kz сайтының дерегінше, үйірмеге 83 мың бала қатысады, оның 35,5 мыңы спортпен және 47,5 мыңы шығармашылық айналысады.

ArtSport бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған еді.


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar