Алматыда артқа жүрген той кортежінің жүргізушілері жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Әл-Фараби даңғылымен арт жағымен жүрген той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде кортежге қатысқан көліктердің бірі алдыңғы мемлекеттік нөмірсіз артымен жүргені бейнеленген видео тараған еді.

«Бейнематериалдан белгілі болғандай, олар жол ережелерін бұзатындықтарын біліп, нөмірлік белгілерін шешіп тастаған. Mercedes-Benz-тің 1995 жылғы жүргізушісі тіпті жалған нөмір салып алып көлікті жүргізген, ал BMW автокөлігінің 1999 жылғы жүргізушісі арт жағымен жүріп, алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Кез келген көлік жүргізушісі бұл жол жүру ережесін қатаң бұзу екенін түсінеді. Сондай-ақ, инспекторлар өзге де әкімшілік заңсыздықтарды анықтады. Артынан бірнеше хаттама толтырылатынын, сонысымен желіде теріс жағынан танымал болатынын біле тұра, осындай әрекетке баратын жас жігіттердің ісін түсіну қиын. Тіпті айыппұлдарды төлегеннен кейін де барлығы мағлұматтар базасында қалып қояды. Ал құжаттардың келесі тексерісі кезінде мұндай адам инспектордың көзіне жол қауіпсіздігін бұзушы ретінде көрінеді», - деді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы патрульдік полициясының мамандандырылған батальонының командирі, полиция подполковнигі Серікжан Әбжанов.

Мамандандырылған батальон командирінің айтуынша, ереже бұзғандармен құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілген. Олардың автокөліктері мамандандырылған тұрақта тұр. Mercedes-Benz жүргізушісі 1 жылға дейін көлік айдау құқығынан айырылуы мүмкін. Іс материалдары шешім қабылдау үшін МАӘС-ге жіберілді.

Соңғы жаңалықтар