Алматыда Art Energy отандық креативті индустрия фестивалі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай атындағы Опера және балет театры алдында креативті индустрия және шығармашылық бастамаларға арналған «Art Energy» алғашқы фестивалі өз жұмысын бастады.

Фестивальде әр түрлі саланы қамтыған бірнеше павильон бар. «Өндірістік дизайн» павильонында алматылық өндіріс дизайнерлері ұсынған коллекцияларды тамашалауға болады.

«Біздің павильонда алматылық мамандар дайындаған тақырыптық дизайн экспонаттары ұсынылған. Барлығы экологиялық таза: фанер, ағаш, тері-былғары, темір секілді өнімдерден жасалған», - дейді павильон жетекшісінің көмекшісі Салтанат Қайралапова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты қала тұрғындарын индустрия саласындағы шығармашылыққа тарту, солай отандық өндірістік дизайнды дамыту.

Фестивельде Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясы студенттерінің макеттері мен жобалары да ұсынылған.

«Біздің студенттер қаланың сәулетін дамытуға, үйлердің қасбеті мен шаһар ландшафтын жаңартуға барынша үлес  қосып келеді. Фестивальде біз студенттердің идеяларына әлеуетті инвесторларды тартқымыз келеді», - дейді аталған ЖОО оқытушысы Элина Үсембаева.

Қазақстандық белгілі скульптор (сәулетші) Эдуард Казарян өзінің субұрқақтағы жаңа кинетикалық сәулет туындысын көрермен назарына ұсынды. 

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар