Алматыда арнайы жасақтың көмегімен пәтер тонаушылар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бөтеннің мүлкін тонау ісін әшкерелеу бөлімінің қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полиция департаменті топтың 5 мүшесі де 30-38 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының тумалары екенін хабарлады. Олар Алматыға қылмыс істеу мақсатымен келген.

«Олардың әрқайсысы бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған. Тонаушылар тобы жерлестер қағидасымен құрылып, мегаполиске пәтерлер мен үйлерді тонау үшін келген. Олардың әрқайсысының өз рөлі болған. Қылмыскерлер үй иелері жоқта олардың баспаналарына жасырын кіріп, ақшалай қаражаттары мен құнды заттарын, алтын бұйымдар, қол сағаттары, планшеттер және т.б. алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қылмыскер ұсталды. Қазіргі уақытта олардың қалада болған 6 іске қатысы бары дәлелденді. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар