+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда арнайы орынға есірткі жасырмақ болған екі жігітті полиция ұстады

2021 жылғы 17 мамыр 23:54
Бөлісіңіз:
Алматыда арнайы орынға есірткі жасырмақ болған екі жігітті полиция ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер есірткі жасырушыларды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бойжеткен ата-анасын ескертпей кетіп, полицейлер оны Алматыдан тапты Түркия азаматы елордадағы қонақүйлердің бірінде ұрлық жасап, ұсталды Таразда жезөкшелер притоны анықталды

Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқаған. Олар алдымен жер қазып жатқандай кейіп танытқанымен қимылдарды күдік тудырды.

«Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, күдіктілер қаша жөнелген. Алайда, тәртіп сақшылары оларды ұстады. Күдіктілерді тексеру кезінде қалтасынан есірткі орамдары түсіп қалған. Ұсталған – 18 жастағы О. есімді азаматтың киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, оның досы – 17 жастағы М. есімді азаматтан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT