Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 7 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Алматыда арнайы операция барысында ұсталған азаматтың соты өтіп жатыр

2018 жылғы 15 ақпан 12:20 833
Бөлісіңіз:
Алматыда арнайы операция барысында ұсталған азаматтың соты өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №2 Бостандық аудандық сотында арнайы операция кезінде қарумен ұсталған Дәурен Әлеухановтың ісі жалғасып жатыр, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде оқушы қызға бейәдеп қылық танытты деп айыпталған мұғалімнің кінәсі дәлелденбеді «Алматы-Баку» ұшағының жолаушысы 20 мың евромен ұсталды

Сот отырысында судья Жанат Бекжанов іс материалдарымен таныстырды.

Атап айтқанда, арнайы операцияға қатысқан полиция қызметкерлерінің, куәгерлердің түсініктемелерін, медицина қызметкерлерінің мамандарының берген мәліметтерін оқыды.

«12 қараша күні кешкі 21:30-да Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқан полиция салонды тексеру кезінде қару тапқан. Оны көрген полиция қосымша қарулы күш шақырған. Кейін ол қаруды тастап сыртқа шығуды бұйырған. Бірақ, жүргізуші мен жолаушы Шалабаев көліктен шықпай, ары қарай жүріп кеткен. Жолда олар полиция қызметкерін қағып кетті. Сол кезде полиция қызметкері артқы дөғгелекті көздеп, 8 рет оқ атқан, оқ дарымаған. Тек Фурманов көшесінен бастап Сәтпаев көшесінен аса бергенде ғана екі жақтан полиция көліктері тоқтатқан», - деді судья Жанат Бекжанов.

Судья таныстырғандай, Әлеуханов өз түсініктемесін тергеу барысында бірнеше рет өзгерткен.

Өз сөзінде ол Тойота көлігін Дастан деген танысынан сұрап алғанын айтты.

Бір сөзінде Шалабаевты 2016 жылдан бері танимын десе, бір сөзінде 6 айдай ғана танимын деген.

Айта кету керек, 23 жастағы Дәурен Әлеуханов пен оның танысы Марлен Шалабаев 2017 жылы қарашада арнайы операция барысында ұсталған болатын.

Кейін Марлен Шалабаев кінәсі дәлелденбеген соң босатылған еді.

Екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан.

Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбысты автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленген болатын. Арнайы операция кеінде зақымдалған Toyota Land Cruiser 100 көлігі де ұсталғандардың біріне тиесілі болып шыққан.

Алдыңғы сот отырысында аға лейтенант Айдос Жансерікұлы операция қалай өткенін айтып берген болатын.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Алайда ол есірткіге мас болғанын, көлікті құжатсыз айдағанын мойнына алды.

 

 


Басты сөздер: Сот, Заң, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат