Алматыда арнайы операция кезінде қылмыстық топтан граната, тапанша, пышақ тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы аумағында қаруды заңсыз сақтаумен және тасымалдаумен айналысатын топ анықталды.

«Соған орай жүргізілген арнайы операция барысында 4 адамнан тапанша, граната, пышақ тәркіленді. 32-35 жас аралығындағы күдіктілер бұрын да қыз зорлап, алаяқтық, жалған құжат жасап, адам өлтіріп, қарақшылық тонау жасағаны үшін істі болған екен. Бұл азаматтарға қатысты тергеу соты тінту туралы санкция шығарды. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан «РГД-5», тапанша, 4 оқ пен пышақ тәркіленді. Тәркіленген заттар бойынша баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалды», - деді полициядан.

Қазір күдіктілер уақытша оқшаулау орнында отыр. Полиция олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Алматы қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар