Алматыда арнайы операция барысында әуежай босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда террористерге қарсы арнайы операция барысында әуежай босатылды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлем етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада террористерге қарсы арнайы операция басталды. Әуежай босатылды. Қазір ол штатты режимге ауыстырыла басталды», - деді Ержан Бабақұмаров журналистерге.

Бұған дейін Алматы комендантурасы қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталғанын жариялады.

Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бүлікшілердің шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық террористер екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Алматы қаласында 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.




Соңғы жаңалықтар