Алматыда армия генералы С. Нұрмағамбетовтің 90 жылдығына орай мерейтойлық медальдар табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҰОС ардагерлері мен әскери қызметкерлерге армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 90 жыл толуына орай мерейтойлық медальдар табысталды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов салтанатты рәсім кезінде айтулы тұлғаның ерлік пен қажырлы еңбекке толы өмір жолы жайлы айтып өтті.

«Сағадат Қожахметұлы қазақтардың ішінде тұңғыш генерал шенін алған азаматтардың бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында ол егемен елдің ұрысқа қабілетті әскерін қалыптастыруда ерен еңбек етті. Құрметті демалысқа шықса да Сағадат Қожахметұлы әскери саламен байланысын үзген жоқ. Ол Қазақстан Қарулы күштеріне, әскери мамандардың көбеюіне үнемі көңіл бөліп жүретін», - деп еске алды Ахметжан Есімов.

Шаһар басшысы отансүйгіштік пен ерліктің символына айналған Сағадат Нұрмамабетовтің ғибратқа толы ғұмыры ҚР Қарулы күштеріне үлгі-өнеге болып қалатынын айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы көшелерінің біріне армия генералы, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің аты беріліп, 28 гвардияшы панфиловшылар саябағында ескерткіш бейнесі тұрғызылатын болды.

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов 23 мамырда өткен ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің 90 жылдығына арналған ғылыми конференция барысында айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар